• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №630

311 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 25 тамыз, Астана қаласы Қазақстан Республикасының аумағынан қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың әкетiлуiне тыйым салуды енгiзу туралы «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасының аумағынан қалпына келтiрiлетiн қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың (ЕЭО СЭҚ ТН коды 4707) әкетiлуiне алты ай мерзіміне тыйым салу енгізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов): 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы; 2) «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте қажеттілігі туралы: Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін; Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараны енгізуі туралы ұсынысты енгізсін. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ауыл шаруашылығы министрі _________________ Б.СҰЛТАНОВ _______________А.МЫРЗАХМЕТОВ 2016 жылғы 8 қыркүйек 2016 жылғы 6 қыркүйек «КЕЛІСІЛГЕН» «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі _________________Қ.БИШІМБАЕВ министрі_________________Е.ЫДЫРЫСОВ 2016 жылғы 1 қыркүйек 2016 жылғы 15 қыркүйек Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 қазандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14329 болып енгізілді.